Технологиялар

ҚР СІМ-де Саранда "SES Saran" күн электр станциясының ашылу мерзімін атады

Фото с сайта digitalsubstation.com
23 қаңтарда Қарағанды облысындағы Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі 100 МВт қуаты бар "SES Saran" күн электр станциясы ашылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Аталған іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері және Германияның Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннердің қатысуы көзделуде. Жобаны "Canadian Solar Inc" компаниясынан 300 мыңнан астам күн модулін қолданатын Германия, Чехия және Словакия республикаларының инвестициялық тобы жүзеге асырды", – деді Смадияров.

Ол бұрын аталған жоба "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында "Қазақстан" павильонында таныстырылғанын еске салды.


Автор:
Инга Селезнева
18:30, 21 Қаңтар 2019
0
18190
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны