Технологиялар

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетіне жолданған хаттың қаралуын чат-бот көмегімен тексеруге болады

Фото Kazpravda.kz/ Адильбек Тауекелов
Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған "KGD_kantselyariya" виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануды ұсынып отыр.

Комитет ақпаратынша, "KGD_kantselyariya" виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:

- өтініштің кіріс нөмірі мен күні;

- Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;

- салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).

Бұл ақпаратты алу үшін:

- аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;

- өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.

Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болатыны аталып өтілді.
Автор:
Айдана Демесинова
11:19, 18 Ақпан 2021
0
14213
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны