Технологиялар

Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс жасап, электрондық қызметтерді ала білуі қажет – Мамин

Фото: realhomejobsnow.com
Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Технологиялық жаңғырту, цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, жасанды зерде, өндірісті автоматтандыру кадрлар даярлауды өзгертуді және адами капиталды дамытуды талап етеді. біліктілігі бар мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген азаматтардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауаттылығын арттыру да маңызды", - деді Мамин Үкімет отырысында

Оның мәліметіне қарағанда, Қазақстанның оқу орындарында жыл сайын 50 мыңнан астам IT-маманы шығарылады және IT-мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артуда. Өңірлерде IT- бойынша 16 құзыреттілік орталығы құрылды.

"Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс жасап, электрондық қызметтерді ала білуі қажет. Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, "Цифрлық білім" ауқымды жобасының іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді ҚР Премьері.

Ол цифрлық дағдыларға оқыту, IT-мамандарын даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламаларды әзірлеу, алдыңғы қатарлы оқу орындарының тәжірибесін өңірлік университеттер мен колледжерде тарату, "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті.

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар кешенін жаңарту, байланыс операторларымен бірлесіп, отандық білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізу мәселесін пысықтау қажет. 2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 87%-ға дейін жеткізу керек және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет. Өңірлердің әкімдіктеріне "цифрлық портфельдің" талаптарына сәйкес заманауи компьютерлік жабдықтар мен роботты техника кабинеттерін, мектептерге арналған STEM қосымша сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Жалпы, мемлекеттік органдар мен өңірлердегі әкімдерге азаматтардық цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын", - деп түйді Қазақстанның Премьер-министріне.
Автор:
Айдана Демесинова
10:25, 30 Маусым 2020
0
33229
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны