Технологиялар

Қазақстанда мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарына 594 млн желілік шабуыл жасалды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
2020 жылы мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарына 594 миллион желілік шабуыл жасалғаны анықталды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"2020 жылы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарында түрлі деңгейдегі 594 миллион желілік шабуылды анықтап, бұғаттады. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (ИҚБШ) көмегімен Интернетке қосылу кезінде мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу және зиянды әсер ету тәуекелдері айтарлықтай төмендейді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелерін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосылу қажеттігін хабарлайды", – делінген ақпаратта.

ИҚБШ-ға қосылу үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін ұсынатын байланыс операторына жүгіну қажет.

Компьютердің ИҚБШ-қа қосылған-қосылмағанын https://support.sts.kz/checkip сервисі немесе @usiag_bot телеграм-бот арқылы онлайн түрде тексеруге болады. Осы сервистер ұсынатын деректер тексеру кезінде маңызды.

Жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 641-бабы) әкімшілік жаза көзделгенін атап өту керек.
14:33, 14 Қаңтар 2021
0
17967
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны