Технологиялар

Қазақстан өңірлерінде газ-техникалық инспекциялар құрылады

фото Kazpravda.kz/ Адильбек Тауекелов
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында өңірлерде газ-техникалық инспекциялар құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Министрлік әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруы тиіс. Осыған байланысты, өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҚР өртке қарсы қызметін материалдық-техникалық жарақтандырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекция құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы керек", - деді Мамин.

Алайда, оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыс елордада, Алматы қаласы, Ақмола және Қостанай облыстарында ғана атқарылған.

"Басқа барлық өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі жәрдем көрсетсін", - деп түйді Үкімет басшысы.
Автор:
Айдана Демесинова
10:11, 3 Қараша 2020
0
20909
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны