Технологиялар

Елорданың тұрғын үй кешендерінде "smart" шлагбаумдарды орнатуда

фото из открытых источников
Елорданың тұрғын үй кешендерінде "smart" шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер "smart" технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі. Жыл соңына дейін біз тұрғын үйлердің 30%-на дейін "smart" шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз", - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі өзінің парақшасында.

Сонымен қатар "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарымызда бар. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды.

08:47, 14 Қыркүйек 2020
0
15141
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны