Технологиялар

АҚШ-та ең қуатты Summit‍ суперкомпьютерін құрастырды

Фото Fotolia / vladimircaribb
АҚШ энергетика министрлігі жанындағы ұлттық зертхананың инженерлері әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер құрастырғаны жайлы мәлім етті, деп жазды РИА Новости MIT Technology Review басылымына сілтеме жасап.

Басылым ақпаратынша, Summit америкалық машинасының өндіріс қуаттылығы 200 петафлопс – секундына 200 миллион
миллиард операция.

Summit өндіріс қуаттылығы Қытайда жасалған Sunway TaihuLight (93 петафлопс)суперкомпьютерінен екі есе артық.

Ғалымдар жаңа суперкомпьютерді ген мен ісік аурулары арасында болуы мүмкін байланысты іздеу, сонымен бірге есірткіге тәуелділіктің тууына байланысты іздеу үшін пайдаланбақ. Хабарламада жабдық ауа райын болжау тиімділігін арттыруға да көмексете алатыны жазылды.

Басылым жазғандай, әлемде суперкомпьютерлерді зерттеу мақсатында да, жаңа дайындауда да пайдаланады.



15:07, 9 Маусым 2018
0
11121
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны