Спорт

US Open финалындағы қылықтары үшін Серена Уильямске $17 000 айыппұл салынды

US Open финалында Наоми Осакимен күш сынасқан атақты америкалық Серена Уильямске қылықтары үшін 17 000 доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды korrespondent.net.

Американкалық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту алып, сет пен брейкте жеңіліп, геймнен айырылды.

Бапкердің сыбырлап айтқаны үшін (бірінші ескерту) оған 4 000 доллар көліменде айыппұл, сынған ракета үшін (екінші ескерту) - 3 000 доллар, төрешіге тіл тигізгені үшін (ұпайынан айыру) - 10 000 доллар айыппұл салынды.

Айта кетейік, Нью-Йоркте өнер көрсеткені үшін Уильямс 1 850 000 долларға қол жеткізген.

Осыған дейін Серена Уильямс US Open финалында төрешіге тіл тигізгені туралы хабарланған.

08:52, 10 Қыркүйек 2018
0
13966
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны