Спорт

"Үйге келу бақыт". Головкин Қазақстанда

Фото: DAZN
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) отанына оралды. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында жазды, хабарлады Vesti.kz.

"Үйге келу бақыт", – деп жазды фотографиясының астына Головкин. GGG анасы тұратын туған жері Қарағандыға аттанды.

Жуырда Головкин Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездескені туралы хабарланған. Тараптар облыста спорттың дамуын талқылады.

Бұған дейін Головкин Италиядаболып, туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналдумен кездескен. Спортшылар бірлескен жоба туралы жариялады, алайда анық-қанығын айтпады.

Соңғы жекпе-жегін Головкин қазан айында Нью-Йоркте (АҚШ) өткізген. Онда спортшы украиналық Сергей Деревянченконы жеңді.


10:02, 11 Желтоқсан 2019
0
14224
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны