Спорт

Садриддин Ахмедов Алматыда WBC титулы үшін күреспек

Фото instagram.com/sadriddin_____soq
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Алматыда "Алматы Аренадағы" бокс кеші аясында өтетін кәсіби рингтегі сегізінші жекпе-жегіне шақырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Сіздерді нағыз қазақ боксын тамашалауға шақырамын, сіздерге нағыз шоу көрсеткім келеді", – деп жазды Ахмедов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол WBC Asia чемпионы титулы үшін жұдырықтасатынын айтты. Дегенмен оның қарсыласы әлі белгісіз.

Қаңтар айының соңында жас спортшы кәсіби шаршы алаңдағы жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Монреалда (Канада) оның қарсыласы 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуарес (лақап аты "Питбуль") болды. Ол кезде спортшылар жастар арасындағы бірінші орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін күрескен.

10:30, 7 Наурыз 2019
0
18652
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны