Спорт

Нұр-Сұлтанда ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады

Изображение предоставлено источником
Нұр-Сұлтанда ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады, деп хабарлайды Kazpravda.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Саябақтың жасыл желегі жоқ бөлігіне (ботаникалық саябақтың жоғарғы бұрышы) жеке инвестициялар есебінен спорт кешені салынып жатыр. Бұл жоба 2018 жылы қала құрылысы кеңесінде қолдау тапқан. Жоба қаланың бас жоспарына сәйкес келеді. Спорт орталығы бақтағы велосипед және жүгіру жолдарының желісімен бірыңғай байланыста жұмыс істейді. Спорт орталығы тұрғындарға қолжетімді болады", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта субсидия есебінен инвестормен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары қатарындағы адамдардың спорт орталығына бару мүмкіндігі талқылануда.

17:18, 2 Қараша 2020
0
20399
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны