Спорт

Мен сүйікті ісіме оралдым – Илья Ильин

Фото СЦК
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерерасын жаңғыртқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"10 маусымды тағатсыздана күттім. Кеше мен сүйікті ісіме оралдым. Бұл күнді көп күттім, жеңілдеп қалғанымды сезіндім. ҚР Ауыр атлетика федерациясының басшылығына ризамын. Федерация президенті Жанат Түсіпбеков мен үшін көп жақсылық жасады. Біреудің үмітін ақтамасам ,кешірім сұраймын. Уақытты қайтару мүмкін емес", – деді Ильин.

Спортшы сонымен бірге қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқым келеді – қиын сәтте маған қолдау көрсетті. Өткен жылы кездескенде Президент маған: "Барлығы жақсы болады, мен үшін сен чемпионсың",- деген. Елбасы мені осылай бағалағандықтан, мен бақыттымын. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет айтқым келеді. Жеңіс пен сынақтар бар, алға қарай жүруге дайын екеніңді білу үшін бұл қиындықтардан өту керек", – деді Ильин.

Ол тамыз айында Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Екі жыл жаттығып, дайындалдым. Соңғы рет жаттығуда 172 және 212 келі көтердім. Жаттығу, қалыпқа келу және жаттығу оңай емес. Алда Қазақстан чемпионаты болады. Сонда мүмкіндігімді сынауды жоспарлап отырмын, әлем чемпионатына жолдама алуға тырысамын. Мақсатым жеңіске жету", – деп түйді Ильин.

Еске сала кетейік, жуырда қазақстандық атлеттің спорттан екі жылдық шеттелу мерзімі аяқталды.

Автор:
Жанат Тукпиев
13:48, 11 Маусым 2018
0
14292
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны