Спорт

ҚР жасөспірімдер құрамасы португалиялықтардың 10 голына жауап қайтара алмады

Фото с сайта wallpapers.99px.ru
Футбол бойынша Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-17) 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Португалия командасынан жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалиялықтар 10 гол соқса, Игорь Свечниковтың шәкірттері қарсылас қақпасының кілтін таба алмады.

Бұл топтағы өзге матчте Беларусь құрамасы Уэльс ойыншыларымен тең түсті - 2:2.

13 қазанда Қазақстан құрамасы Уэльс футболшыларымен, үш күннен кейін Беларусь командасымен бәсекелеседі.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының U-17 құрамы:

Қақпашылар: Константин Пузанов ("Динамо Минск", Беларусь), Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де - "Қайрат").

Қорғаушылар: Жасұлан Ержігіт ("Оңтүстік" академиясы), Дамир Қасаболат, Әрсен Азатов, Владислав Бутырин, Александр Широбоков, Лев Кургин (барлығы - "Қайрат"), Теңізбай Әбдірахманов, Юрий Аханов (екеуі де - "Астана").

Жартылай қорғаушылар: Мағжан Бауыржан, Әділет Қуаныш (екеуі де - "Қайсар М"), Кахрамон Хасанов ("Оңтүстік" академиясы), Айбар Құсайынов, Әлен Айманов, Абдулла Шен (барлығы - "Қайрат"), Нұрғайни Бөрібаев ("Астана").

Шабуылшылар:
Әділхан Добай ("Оңтүстік" академиясы), Байжан Маделхан ("Қайрат").

Бапкерлер штабы: Игорь Свечников – аға бапкер, Иван Азовский – аға бапкердің ассистенті, Ерлан Махамбедиев - аға бапкердің ассистенті, Александр Убыкин – қақпашылардың бапкері, Сергей Елисеев - дәрігер, Станислав Ведлер – массаж жасаушы, Дінмұхамед Оралов - менеджер.



09:20, 11 Қазан 2018
0
13749
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны