Спорт

Головкин Канеломен кездесу алдындағы жаттығуларын бастады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшы Сауль Канело Альвареспен кездесу өткізу аясында бүгін Big Bear Summit лагерінде жаттығу жұмыстарын бастағанын жариялады, деп хабарлайды sports.kz.

"Бүгін жаттығу жұмыстарын бастадық, оны әдеттегідей өткіземіз. Тиісті түзетулер енгізіп, алдағы сынға жан-жақты дайындаламыз. Жекпе-жекте жеңіске жетуге ниеттіміз. Бұл мақсатқа қалай қол жеткізетініміз қарсыласқа байланысты", – деген Санчестің сөздерін BoxingTalk.com келтірді.

GGG және Канело жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena аренасында өтеді7 Қазақстандықтар үшін кездесу 16 қыркүйек таңертең басталады.

09:37, 3 Шілде 2018
0
13100
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны