Спорт

Головкин – Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты аталды

15 қыркүйекте Лас-Вегастегі (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасындағы бокс кеші трансляциясының нақты уақыты белгілі болды. Ондағы басты жекпе-жек WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) кездесуі болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN Deportes ақпаратынша, бокс кеші жергілікті уақытпен сағат 14:00 (Астана уақытымен 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03:00) басталса, PPV-андеркарт трансляциясы (ақылы трансляция) 17:00 (Астана уақытымен 16 қыркүйек таңғы сағат 06:00) жоспарланған.

Головкин мен Альварес шаршы алаңға жергілікті уақытпен шамамен 19:00 және 19:30 аралығында шығады деп күтілуде. Қазақстандық көрермендер үшін бас жекпе-жек жексенбі, 16 қыркүйекте таңғы сағат 08:00 мен 08:30 аралығында басталады. Қазақстанда тікелей трансляция QazSport және Qazaqstan арналарында көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы Лас-Вегасте өткен. Ол кезде төрешілер екі боксшы тең түсті деп шешкен.



10:48, 10 Қыркүйек 2018
0
13438
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны