Спорт

Брейк-данс Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылуы мүмкін

Фото из открытых источников
2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары жарыстар бағдарламасына серфинг, скейтбординг, құзға шығу (альпинизм) және брейк-дансты қосуды ұсынды, деп хабарлайды Kazpravda.kz CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) соңғы шешімді 2020 жылдың желтоқсанына дейін қабылдауы керек екені айтылды.

Өз кезегінде ХОК сайтында Комитет олимпиадалық бағдарламаны гендерлік тұрғыдан теңестіріп қана қоймай, сонымен бірге жастарға лайықты етіп жасауға тырысатыны туралы жазылған. Сондықтан скейтбординг, спорттық құзға шығу мен серфинг Олимпиада бағдарламасына 2020 жылы Токиодағы ойындарда қосылады.

"2024 жылғы ойындарға ұсынылған спорт түрлерін Олимпиадалық бағдарлама Комиссиясы қарастырады. Кейін ұсыныстар наурыз айында ХОК Атқарушы комитетіне жолданады.  Қабылданған жағдайда, ол ХОК сессиясында таныстырылады", – деп хабарлады Олимпиада комитетінде.

Автор:
Инга Селезнева
15:33, 22 Ақпан 2019
0
15297
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны