Спорт

Ауыр атлетика бойынша ҚР құрамасы Әлем Чемпионатынан олимпиадалық медальмен оралады

Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Улановқа 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Қазақстандық зілтеміршіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аянның өзі қола жүлдені тапсырды,деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Еске сала кетейік, Риодағы Олимпиада ойындарында Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, төртінші орынға ие болған. Бұл салмақ дәрежедегі «қола» жүлдегер румыниялық Габриель Синкарян тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін спорттан шеттетіліп, көрсеткіші жоққа шығарылды.Осылайша Денис Уланов үшінші сатыға көтерілді.

"Бұл жүлдені екі жыл күттім. Әрине, Олимпиада тұғырында тұрғандай сезім болған жоқ. Десе де, бұл сәтті де жақсы орайластырып, еліміздің туын көкке көтерді. Мұның бәрі жақсы әсер қалдырды.
Қола медаль алғаныма енді сене бастадым. Барлық тексеру аяқталып, жүлдеге қол жетті(жымияды). Еліміздегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтамын. Спортшыларға үлкен мүмкіндік сыйлаған ҰОК президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаев пен біздің федерациямыздың басшысы Жанат Рашидұлы Түсіпбековке де алғысым зор. Олимпиадаға бармауымыз да мүмкін еді, алайда Федерациямыздың талпыныстарының арқасында республикамыздың намысын қорғадық. Бақыттымын
!" – деді Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Уланов.


11:44, 8 Қараша 2018
0
15774
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны