Спорт

Англия құрамасының футболшысы жанұясын Ресейге апарудан сескенді

Фото из открытых источников
Лондондық "Тоттенхэм" мен Англия құрамасының қорғаушысы Дэнни Роуз отбасының 2018 жылғы әлем чемпионатын көру үшін Ресейге баруына жол бермейтінін айтты. Спортшының сөзін Evening Standard келтірді, деп хабарлайды Lenta.ru.

"Мен өзім үшін алаңдамаймын, алайда нәсілшілдік пен өзге де қауіп салдарынан жанұяма олардың сол елге баруын қаламайтынымды айттым. Ойындарға дайындалып жатқан сәтте отбасымның қауіпсіздігі үшін мазасызданғым келмейді. Мен қиындықтарға тап болсам ештеңе етпейді. Алайда, жанұяма тіл тигізсе, маған ауыр тиеді", – деді Роуз.

Футболшының сөзіне қарағанда, жақындары бұған ренжіген.

Мамыр айының басында британиялық футболшылар Ресейдегі әлем чемпионатының өтуі уақытына күзетшілерді сұраған. Daily Mail ақпаратынша, британиялық футболшылардың әйелдері мен қыз-жолдастары Ресейге Футбол қауымдастығының ресми әуе компаниясының ұшағымен ұшып барады.

Футболдан әлем чемпионаты 14-ші маусым мен 15-ші шілде аралығында Ресейде өтеді.

10:08, 7 Маусым 2018
0
2075
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны