Спорт

Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды

Фото из открытых источников
WBA (Super) және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес болашақта Геннадий Головкинмен үшінші рет шаршы алаңға шығуға қарсы емес екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алғашқы жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. Екінші кездесуде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Енді "Канело" 15 желтоқсанда Нью-Йоркте екінші орта салмақ дәрежесіндегі "тұрақты" чемпион Рокки Филдингпен кездеседі.

"Ол (Головкин) қалағанын істей алады. Мен өз шаруамды бітірдім. Болашақта көре жатармыз, (үшінші жекпе-жек бола ма, жоқ па екенін). Үшінші рет кездесуге дайынмын. Екі рет шаршы алаңға шықтық, неліктен үшінші рет шықпасқа?

Бұйырса, супер орта салмақта жеңіске жетіп, 160 фунтқа ораламын. Нокаутпен басымдығымды танытуға барымды саламын. Жанкүйерлеріме "Мэдисон Сквер Гарденде" тартысты жекпе-жек көрсетуге ниеттімін", — деген "Канелоның" сөздерін The Ring келтірді.

10:12, 28 Қараша 2018
0
18232
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны