Спорт

Алматы зейнеткерлері жаттығу залдары мен бассейндерге тегін барып жүр

Фото : Информационно-спортивный ХАБ
Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен биылдан бастап "Спорттық Алматы", "Спорт менің ауламда", "Батыл бол" сынды "Зейнеткерлердің белсенді ұзақ өмір сүруі" бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Кazpravda.kz ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Бұл тегін бағдарлама 63-жастан жоғары зейнеткерлердің арасында салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. Қазір оған 800 адам тіркеліп, күнделікті жаттығу өткізуде. Олардың тең жартысы бассейнге, ал 400 адам фитнес-залдарда дайндық өткізеді.

Жоба шілде айының ортасында басталған болатын. Жаттығулар қаланың бес бассейні "Аквастарс", "Қазақстан" сауықтыру спорт кешені, "Н2О" орталықтарында және "Пирамида", "Аквастарс" бес фитнес-залында өткізіліп жатыр.

"Бағдарлама қатысушыларының әрқайсысы аптасына үш рет, бір сағаттан жаттығу өткізуі қажет. Ол адамды сауықтыру үшін жақсы әсер береді. Тәжірибеге сүйенсек, осы жастағы адамдар дене шынықтырумен айналысса ағзасының жұмыс істеуі мен қан айналымы жақсарып, қанттары азаяды.Сондай-ақ, холестериндері азайып, буын еттері ауырмайтын болады және остеохондроздары кетеді", - дейді осы әлеуметтік жобаның жетекшісі Ерлан Адамбеков.

Оның айтуынша әр жаттығу топтарында бір кезекші бапкер болады. Олар көмек қажет болса, зейнеткерлерге жаттығуды қалай дұрыс жасап, не істеуге болады және не істеуге болмайтындығын айтып береді.

Алайда, әр адамға жеке бапкер болмаса жұмыс жасау қиындау екен. Себебі, қарт адамдарға ерекше және жеке тәсілдер керек. Ол бағытта егер келесі жылы осы бағдарлама жалғасын табатын болса, жұмыс атқарылуы мүмкін. Ал, биыл бұл жоба тек пилоттық режимде жүзеге асырылып, жылдың соңына дейін жалғасады.

"Біз Алматы қаласының әкімдігіне үлкен алғыс айтқымыз келеді. Осы бағдарлама келесі жылы да өз жалғасын тапса деген ниет білдіреміз. Спортпен айналысу ол дегеніміз ұзақ өмір сүру. Осылай бізді ұмытпай, қарттарды қолдап жатқаны үшін және қаладағы спортты дамытып жатқаны үшін әкімге мыңда бір алғыс. Бұл бізге өте керек жоба", - дейді бағдарламаға қатысушылардың бірі, 66-жастағы Николай Волков.

Айта кетер жайт, зейнеткерлердің арасында жасы 80-нен асқан қарттарда белсенді өмір салтын жүргізіп, өз қатарларынан қалыспай келеді. Олар да аптасына үш рет, бір сағаттан белгіленген уақыт бойынша келіп, керемет әсер алып қайтады екен.



10:16, 1 Қараша 2018
0
16835
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны