СаясатКоронавирус

Үндістанда Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалады

Фото пресс-службы МИД РК
Үндістан осы елде жақында коронавирустың өршуіне қарсы тұру үшін достас Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалайды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды
Kazpravda.kz.

"Бірқатар үнді компанияларының басшылығы Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігіне өз хаттарын жолдап, бүкіл әлем үшін осындай қиын уақытта ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді. «2021 жылғы 13 және 14 мамырда Қазақстаннан жеткізілген медициналық көмек көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетіні сөзсіз. Үндістер бұл асыл ишаратты әрқашан есте сақтайды» деп көрсетілген", – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған күндері Нью-Дели әуежайына жалпы салмағы 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жүгі бар екі қазақстандық әуе кемесі келді. Көмектің ішінде денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық өндіруші компаниялардың медициналық маска, респиратор, қорғаныс костюм және өкпені жасанды желдетудің портативті аппараттары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге жолдау жіберген, онда «Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген» болатын, ал 7 мамырда Қазақстан Үкіметіне үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

Қазақстан мен Үндістанды екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достық пен өзара жанашырлық рухында стратегиялық әріптестік қатынастар біріктіретінін атап өткен жөн.
13:57, 26 Мамыр 2021
0
7701
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны