Саясат

Шекараны барлық қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз ету керек – Назарбаев

Иллюстративное фото пресс-службы Первого Президента РК
Қазақстан шекараны барлық қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуі керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешу Шекара қызметінің жұмысын және шекараны қорғау әдістерін жетілдірумен қатар, экономикалық, ақпараттық, қоғамдық және әскери қауіпсіздік бағыттарына байланысты жүйелі шараларды қажет ететінін айтты.

"Шекараны барлық қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз ету керек. Шекара қызметі мен Қарулы Күштерді құру өзара үйлесімді әрі бірыңғай стандарт бойынша жүргізілуге тиіс. Сонымен бірге шекаралық қауіпсіздік мәселесін кешенді, жүйелі түрде қарастырған жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар елді аумақтық-кеңістікте дамыту басымдықтары шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерімен сәйкес келуі керектігі айтылды.
15:02, 19 Мамыр 2021
0
7237
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны