Саясат

Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясының кандидаттарын тіркеді

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Отырыста Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов Ол 2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын айтты.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл тұруға, 25 жастан кіші болмауға, белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі.

Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімінде 19 адам бар. 4 әйел және жиырма тоғыз жасқа толмаған 2 адам енгізілген, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды.

Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

"Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады", - делінген хабарламада.

13:24, 26 Қараша 2020
0
4127
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны