Саясат

Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Архивное фото пресс-службы Первого Президента РК
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен:

-Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

-Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

-Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.




16:38, 4 Маусым 2021
0
14712
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны