Саясат

МӘМС аясында елорда тұрғындарына қандай медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді

Фото: astana.gov.kz
2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, Нұр-Сұлтанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ға жетті. МӘМС аясында елорданың медициналық мекемелері профилактикалық тексеру, консультативтік-диагностикалық және стационарлық көмек, сондай-ақ қалыпқа келтіру емі қызмет түрлерін көрсетті. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, жыл басынан бері КТ және МРТ, медициналық-генетикалық зерттеулерді, зерттеулердің қымбат түрлері БМСК дәрігерінің жолдамалары бойынша барлық пациенттерге тегін көрсетілді", - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап, амбулаториялық деңгейде ұсынылатын дәрілік заттардың тізімі көбейді. Атап айтқанда, оған 29 ересек және 53 балалар аурулары бойынша жаңа нозология енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді ресми сервистер арқылы – ӘМСҚ сайтынан fms.kz, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасында, Telegram-дағы Saqtandyru-bot-та тексеруге болады.
Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп алып, өтініш, алғыс, ұсыныс қалдыруға болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алу да мүмкін.


17:24, 4 Қараша 2020
0
2616
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны