Саясат

Мамин Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото пресс-службы Премьер-министра РК
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.

Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған "Спутник V" вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.


18:31, 21 Желтоқсан 2020
0
5506
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны