Саясат

ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
ҚР Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Осылайша, ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның сөзіне қарағанда, алдын ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың таңдауы төмендегідей болды:

–"Nur Otan" партиясы 71,09% дауыс жиды;

– Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95% дауысқа ие болды;

– Қазақстанның Халық партиясына сайлаушылардың 9,10% дауыс берді;

– "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29% дауыс жиды;

– "ADAL" саяси партиясына сайлаушылардың 3,57% дауыс берген.

Спикер атап өткендей, сайлау қорытындысын ОСК өз отырысында аумақтық сайлау комиссияларынан барлық хаттамалардың түпнұсқаларын алғаннан кейін шығарады.

Еске сала кетейік, Мәжіліске өту үшін партиялар 7 проценттен артық дауыс жиюы тиіс еді.



Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
Автор:
Айдана Демесинова
15:37, 11 Қаңтар 2021
0
16240
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны