Саясат

Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі", - делінген ақпаратта.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.


09:17, 17 Қараша 2020
0
5069
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны