Саясат

Елбасына Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам таныстырылды

Фото пресс-службы Первого Президента РК
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, пдеп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам, сондай-ақ пандемия кезіндегі әлем нарығындағы экономикалық ахуалға жасалған шолу таныстырылды.

Елбасыға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін баяндады.

17:48, 28 Желтоқсан 2020
0
10000
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны