Саясат

Елбасы Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: twitter.com
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz Елбасыныңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу – орны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Саналы ғұмырын Түрікменстан халқының игілігіне арнаған әкеңіздің жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген жеделхатта.
11:31, 19 Сәуір 2021
0
5731
Жазылу

Көп оқылғаны