Саясат

Елбасы Армен Джигарханянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Армен Джигарханянның қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті мәдениет қайраткері, актер Армен Джигарханянның қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдағаны аталып өтілді.

Елбасы А.Джигарханян бар ғұмырын өнерге арнап, өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің құрметі мен ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Армен Джигарханянның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

14:08, 16 Қараша 2020
0
4826
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны