Саясат

Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындадық – Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігі туралы

Фото пресс-службы Первого Президента РК
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысып, барша қазақстандықты еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып жатырмыз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекетке айналдық", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына, "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, "Mabetex Group" компаниясының негізін қалаушы Б.Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.

"Қазақстанның өркендеуі мен ел игілігі – сіздер үшін ең маңызды дүние. Бұл марапаттар – ел дамуына сіңген ерен еңбектің жемісі. Баршаңызды осы жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, бақ-береке мен табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміз өркендей берсін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.














19:38, 14 Желтоқсан 2020
0
16880
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны