Президент

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президент неге туған күнін тойламайтынын түсіндірді

Фото: facebook.com/Берик Уали
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетінін және неге оны тойламайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері хабарласып, «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деп сұрап жатыр. Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік. 17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы атап өткендей, қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ, телефон шалып құттықтауда. Құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келді. Бүгін ол 68 жасқа толды.
Автор:
Жанат Тукпиев
13:28, 17 Мамыр 2021
0
1954
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны