Президент

Тоқаев Ұлттық банк басшысымен Қазақстан экономикасындағы ахуалды талқылады

Архивное фото пресс-службы Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп  хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды.
Президентке ел экономикасы өсімінің оң бағыт алуы және оның биылғы даму перспективалары, сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жекелеген инвесторлар мен резидент емес адамдардың іскерлік белсенділігінің қайта қалпына келуі жайында ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын бағасының өсуіне, сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайдың нәтижесінде инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түскен қаржының артуына байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына дейін жеткені айтылды.
Ерболат Досаев биылғы мамырда инфляцияның 7,2 пайызға дейін үдеу себептері және 2021 жылдың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдары туралы жеткізді. Сонымен қатар банк жүйесіндегі теңгелік салымдардың өсу үрдісі және Ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы Мемлекет басшысы бастамаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
Автор:
Айдана Демесинова
17:48, 3 Маусым 2021
0
8145
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны