Президент

Тоқаев СҚО-ға қоныс аударатын азаматтарға арналған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
ҚР Президентінің әкімшілігі Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексереді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", – делінген хабарламада.
Автор:
Екатерина Елисеева
11:25, 24 Мамыр 2021
0
6067
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны