Президент

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Коллаж: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша қазақ-өзбек қатынастарының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Президенттер стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтып, өзара ықпалдастықты кеңейтудің нақты мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Әңгімелесу барысында көшбасшылар өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел үкіметтерінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін нақтылады.



19:20, 3 Маусым 2021
0
6704
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны