ПрезидентКоронавирус

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтқан.
Автор:
Екатерина Елисеева
17:29, 6 Сәуір 2021
0
7490
Жазылу

Көп оқылғаны