Президент13 шілде - аза тұту күні

Тоқаев Қазақстандағы жалпыұлттық аза тұту күні туралы өкімге қол қойды

Фото пресс-службы Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

" Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", – делінген өкім мәтінінде.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті 8 шілдеде азаматтарға үндеу жасау кезінде 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын айтқан.

"Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.
13:32, 9 Шілде 2020
0
1813
Жазылу

Көп оқылғаны