Президент

Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Фото предоставлено источником
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған", – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол сапар аясында "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына бару жоспарланғанын айтты.
10:33, 23 Қараша 2020
0
1262
Жазылу

Көп оқылғаны