Президент

Тоқаев ЕАЭО ішінде өнімдердің бағасын арзандатудың амалын атады

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО аумағында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп халықаралық сауда-экономикалық орталығын құруға кірісті.

"Орталық Батыс Еуропа – Батыс Қытай стратегиялық автомагистралінде орналаспақ. Ол екіжақты сауда және транзит өсімін және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – деді Мемлекет басшысы.

Президент осындай бірлескен құрылымды ЕАЭО аясында дамытуды ұсынды.

"Одақ аясында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құрудың маңызы артып отыр. Мұндай жүйе мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіп секторының әлеуетін қолдауға, шығындарды азайтуға, сәйкесінше, негізгі азық-түліктердің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді", – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор:
Жанат Тукпиев
17:12, 21 Мамыр 2021
0
6207
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны