Президент

Тоқаев Бердымұхамедовке әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Фото пресс-службы Президента РК
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін", – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.
10:45, 19 Сәуір 2021
0
2087
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны