Президент

Тоқаев Алматыда ағаштарды кескендерді жазалауды тапсырды

Иллюстративное фото пресс-службы Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ағаштарды кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.


11:34, 24 Қараша 2020
0
2982
Жазылу

Көп оқылғаны