ПрезидентКоронавирус

QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жеткізілді – Тоқаев

Фото пресс-службы Премьер-министра РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанның өңірлеріне жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!", - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Осыған дейін қазақстандықтарға QazVac отандық вакцинаны 26 сәуірден сала бастайтыны туралы хабарланған.

12:18, 23 Сәуір 2021
0
9214
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны