Президент

Президент ұлттық жобалардың тізімін пысықтауды тапсырды

Иллюстративное фото пресс-службы Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және "жаңадан" реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.


14:48, 19 Сәуір 2021
0
1830
Жазылу

Көп оқылғаны