ПрезидентКоронавирус

Президент Цойға Қазақстандағы КВИ бойынша жағдайды жақсартуға бір ай уақыт берді

Фото пресс-службы Министерства здравоохранения РК
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сәуір айында коронавирус  бойынша Қазақстандағы ахуалды жақсартуды тапсырды,   деп хабарлайды Kazpravda.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алексей Владимирович (Цой – ред.түсініктемесі), дәл осы уақыт аралығында Денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі ең негізгі тұлға екенін бұған дейін сізге айтқан болатынмын. Сіздің ерекше құзыретіңіз бар. Жұмысыңызды тәп-тәуір бастап едіңіз. Бірақ кейін қарқыныңыз айтарлықтай бәсеңдеп қалды. Сәуір айында жағдайды күрт өзгертуіңіз керек. Өйтпеген жағдайда кадрлық шешімдер қабылданады. Ал оған сіз қуана қоясыз деп ойламаймын. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, тұтас Үкіметке қатысты мәселе", – деді Тоқаев.

Президенттің сөзіне қарағанда, шектеулер мен рейдтер тиісті нәтиже бермей, қоғамдағы наразылыққа себеп болып отыр.

"Мониторингтік топтың жұмысы бизнесмендер тарапынан сынға ұшырап жатыр. Тексеру топтары өз жұмыстарын алалап, күмәнді жағдайда атқаратыны айтылады. Кей нысандар тексеруден көз ашпаса, ал кейбірінде тексеру мүлде болмайды екен. Жүйелі түрде, қасақана тәртіп бұзатын адамдарды ғана жазалау керек. Прокуратураның жанынан рейдтер барысында орын алатын заң бұзушылық фактілері бойынша шағымдарды қабылдайтын колл-орталық ашу керек. Ведомствоаралық комиссия әкімдермен бірлесе отырып, мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын реттеуі тиіс", – деп қосты Мемлекет басшысы.
Автор:
Екатерина Елисеева
16:08, 1 Сәуір 2021
0
11049
Жазылу

Көп оқылғаны