Президент

Президент әлемде азық-түлік бағасының өсуі алаңдатарлық жағдай екенін айтты

Архивное фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында әлемде азық-түлік бағасының өсуі алаңдатарлық жағдай екенін айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. Жыл басынан әлемдік азық-түлік бағасының индексі 116 тармақты құрады. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35 пайыздан асады деп болжануда. Бұл алаңдатарлық жағдай. Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді", – деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс", – деп қосты Мемлекет басшысы.
Автор:
Екатерина Елисеева
16:43, 21 Мамыр 2021
0
5596
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны