Президент

Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады

Архивное фото пресс-службы Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

“Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!” – деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Мемлекеттік рәміздер күні туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. Ел үшін бұл маңызды күн 2007 жылғы 4 маусымда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заң қабылданғаннан бері атап өтіледі.

14:52, 4 Маусым 2021
0
7166
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны