Президент

Назарбаев ҚХА басқару бойынша өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Фото: inform.kz
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясының ашылуында ҚХА басқару құқығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Бұл мен үшін маңызды қадам. Өйткені 1995 жылы ҚХА құрылғаннан бастап оны басқарып келдім. Біз күрделі кезеңді, әлемдік дағдарыстарды, қиындықтарды бастан өткердік. Ассамблеяның барлық мүшелеріне менің бағытымды және мені үнемі қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бұл өте маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы Конституциялық заңға және Ассамблея туралы заңға сәйкес ҚР Тұңғыш Президентіне Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілгенін еске салды.

"Жалпы, мен әрқашан сіздермен бірге боламын әрі одан бас тартпаймын. Айта кету керек, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Алайда, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде Президенттің жанында тұруы тиіс, Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Яғни барлық мәселе бір адамның қолында болуы тиіс. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым", – деді Елбасы.

Ол Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің тарихи миссиясы мен тиімділігін іс жүзінде көрсеткенін атап өтті.

Өз кезегінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа ҚХА құрметті төрағасы болуды ұсынды.
Автор:
Анастасия Прилепская
16:32, 28 Сәуір 2021
0
9089
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны