Президент

Мемлекет басшысы Жаңа энергетика жөніндегі құзырет орталығын ашуды ұсынды

Фото пресс-службы Президента РК
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Жаңа энергетика жөніндегі құзырет орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Kazpravda.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлемде энергияны генерациялаудың және сақтаудың жаңа технологиялары пайда болып, апробациядан өткізілуде. Техниканың тым жылдам дамып жатқанын ескерсек, бұл да жуық арада қолданысқа енуі мүмкін. Атап айтқанда сутегі қуатын дамыту қарқын ала бастайды. Біз бұған дайын болуымыз қажет. Мұндай технологиялармен жұмыс істей алатын мамандар тобының болуы маңызды. Жаңа энергетика жөніндегі құзырет орталығын ашуды ұсынамын. Онда энергетика саласындағы жоғары технологиялық инновацияларды пайдалану тәжірибесі сынақтан өтетін болады", – сказал Касым-Жомарт Токаев.

Оның пікірінше, халық санының артуы және экономиканың өсімі жаңа қуаттарды енгізуді талап ететіні сөзсіз.

"Алайда мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан экономиканың энергия сыйымдылығын азайту – маңызды міндет. Оны шешу тауарларымыздың және тұтас салалардың бәсекеге қабілетті болуына тікелей әсер етеді", – деп қосты Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке аталған мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.
Автор:
Екатерина Елисеева
17:31, 26 Мамыр 2021
0
4678
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны