Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді

Фото пресс-службы Президента РК
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

"Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында келтірді.

Еске сала кетейік, Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстардың әкімдерінің қатысуымен кеңес өтуде.

Осыған дейін кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерді бөлу үдерісін жеделдетуді тапсырғаны туралы хабарланған.


13:45, 27 Ннаурыз 2019
0
10976
Жазылу

Көп оқылғаны